«Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің мүшесі, «Centras Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ЕВРОБАК Директорлар кеңесінің мүшесі.
Олег Ханин ҚРҰБ-мен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына келісілді (2019 жылғы 27 ақпандағы №14/СО хаттама).
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп, экономист біліктілігін алды. РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясында сақтандыру ісі саласындағы мамандарды кәсіби даярлаудың халықаралық бағдарламасы бойынша білім алып, Қаржы академиясының, Чартерлік сақтандыру институтының (Ұлыбритания) және Ұлттық сақтандыру мектебінің (Франция) оқу материалдары негізінде біліктілік емтихандарын, сондай-ақ «ISAS» ЖШС-де «Сапа менеджменті жүйесін ендіру» курстары бойынша емтихандарды сәтті тапсырды. 2008 жылы «Сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтер» бағдарламасы бойынша САР «Сертификатталған практик-бухгалтер» халықаралық біліктілігін растайтын сертификат алды.
2013 жылы Лондон сақтандыру институтының (CII) сақтандыру жөніндегі сертификатына ие болды.
2013 жылғы 13 маусымнан бастап «Коммеск-Өмір» СК» АҚ Басқарма Төрағасы. Еңбек жолын 1998 жылы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінде бастаған. 2002–2003 жылдары «KBS Garant сақтандыру компаниясы» ААҚ мен «Альянс Полис» сақтандыру компаниясы» ЖАҚ-та жұмыс істеді. Аталған мерзімдерді қоспағанда, Компанияда 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде бухгалтер-ревизордан бастап бірінші басшыға дейінгі еңбек жолынан өтті. Әр жылдары Президенттің сақтандыру мәселелері жөніндегі көмекшісі, Андеррайтинг және авариялық комиссарлар департаментінің бас андеррайтері, Сақтандыру департаментінің бөлім бастығы – бас андеррайтері, Сақтандыру жөніндегі вице-президент, Басқарма Төрағасының орынбасары – Сақтандыру жөніндегі директор, Сақтандыру департаментінің директоры, Басқарма Төрағасының орынбасары, Ішкі аудит қызметінің жетекшісі, Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма Төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды. ЕВРОБАК Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Телефон арқылы кеңес алыңыз