Search

AFK миссиясы қауымдастық мүшелерінің акционерлік құнын қорғауға және оның өсуіне ықпал етуге негізделген.

AFK-ның негізгі стратегиялық міндеттері мыналар болып табылады:

  • AFK мүшелерінің мемлекеттік және өзге де органдарда мүддесін білдіру, қаржы нарығы субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру және қорғау;

  • AFK мүшелерінің қызметіне қатысты және олардың мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жұмыстарына мониторинг жүргізу және оған қатысу;

  • AFK мүшелерінің тиімді қызметі мен жалпы Республиканың қаржы жүйесін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимыл жасау;

  • қаржы қоғамдастығының имиджін (рейтингін) арттыруға ықпал ету;

  • қаржы секторындағы проблемалық мәселелерді шешу және қаржы нарығы субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіру бойынша AFK  мүшелерінің ұсыныстарын жинау, талдау және шоғырландыру (консолидациялау);

  • басым және проблемалық бағыттар бойынша AFK  мүшелері өкілдерінің қатысуымен Жұмыс топтарын құру, шоғырландырылған ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органдармен бірлесіп пысықтау.

ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» Жарлығына сәйкес AFK  Кеңесінің Төрағасы аталған Кеңестің құрамына енгізілген.

AFK-ның уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы қаржы секторының тұжырымдамалық мәселелері мен проблемаларын бірлесіп талқылауды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс топтарын құруды және дайындалып жатқан тиісті құжаттардың жобаларын AFK -ға жолдауды көздейтін ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде жүзеге асырылады:

  • 01.02.2002 ж. ҚҚҚ мен ҚР ҰБ арасында Ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. AFK  Кеңесінің өкілі Қаржы секторы мәселелері жөніндегі әдістемелік кеңестің, сондай-ақ ҚР ҰБ жанындағы Консультативтік кеңестің құрамына енгізілді;

  • 17.02.2004 ж. AFK  мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА) арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. AFK  Кеңесінің өкілі қаржы секторын дамытудың ең маңызды тұжырымдамалық және стратегиялық мәселелерін қарастыратын ҚҚА Консультативтік кеңесінің құрамына енгізілді;

  • 13.07.2004 ж. AFK мен ҚР Қаржы министрлігі (ҚР ҚМ) арасында ынтымақтастық туралы Келісімге (меморандумға) қол қойылды.

Іс жүзінде қаржы секторын дамытудың ең маңызды мәселелерін талқылау үшін қаржы ұйымдарының бірінші басшыларымен тұрақты кездесулер (дөңгелек үстелдер) өткізу бойынша ҚР ҰБ басшылығымен қол жеткізілген уағдаластық жүзеге асырылуда.

AFK өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу бойынша Парламентте, Үкіметте, ҚР ҰБ-да, түрлі министрліктер мен ведомстволарда құрылатын жұмыс топтарына тұрақты түрде қатысады.

AFK ҚР ҰБ, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Сарапшылық кеңестерде, Алматы қаласы Әкімдігі жанындағы іскерлік кеңесте және ҚР басқа да мемлекеттік органдарында аккредиттелген.

https://afk.kz/




Телефон арқылы кеңес алыңыз