Search

«Қазақстан сақтандырушыларының қауымдастығы» ЗТБ Қауымдастық Кеңесінің мүшесі «Дионис сақтандыру брокері» ЖШС Директоры Сақтандыру брокерінің жүзеге асыратын қызмет түрлері туралы мәліметтер:

  • өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;

  • сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызмет;

  • жеке және заңды тұлғаларды іздестіру және оларды сақтандыруға тарту;

  • сақтандыру ұйымдарының көрсентетін қызметтері мен қаржылық жай-күйіне салыстырмалы талдау жүргізу;

  • сақтандыру ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырмалы талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинау;

  • клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын, сақтандырушыларды таңдау өлшемшарттарын әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау бойынша сараптамалық қызметтер көрсету;

  • сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеу, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинау;

  • сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шартын ресімдеу;

  • сақтанушымен тиісті келісім болған жағдайда, оларды кейіннен сақтандыру ұйымдарына аудару үшін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан сақтандыру сыйлықақыларын жинау;

  • клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру немесе бірлесіп сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыру;

  • сақтандыру шартын жасасу, сақтандыру төлемін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталған кездегі шағымдарды қарау кезінде құжаттардың, сондай-ақ жасасылған сақтандыру шарттарына байланысты басқа да құжаттардың дұрыс әрі уақтылы ресімделуін қамтамасыз ету;

  • сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының, пайда алушының сақтандыру төлемін алуына консультациялар жүргізу және жәрдем көрсету;

  • берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу;

  • сақтанушының тапсырмасы бойынша оларды кейіннен сақтанушыға, пайда алушыға беру үшін сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін жинау;

  • мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде зияндарды қарау және реттеу бойынша құжаттарды дайындау;

  • нұқсанды (зиянды) бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау бойынша сарапшылардың қызметін ұйымдастыру;

  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығатын автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының аумағында жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;

  • қатысушыларымен жасасқан келісім негізінде сақтандыру пулының қызметін басқару.




Телефон арқылы кеңес алыңыз