Search

«Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің мүшесі, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Басқарма Төрағасы

2021 жылғы 1 наурызда «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды (2021 жылғы 16 шілдеде және 2024 жылғы 12 шілдеде қайта сайланды).

Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшесінің функцияларын жүзеге асырады.

Білімі:

1997 жылы Өскемендегі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін және 2003 жылы «Менеджер-экономист» мамандығы бойынша АЭИжС бітірген.

2006 жылы MAB-да Master of Business Administration (Корпоративтік басқару) дәрежесін және 2016 жылы CCGP (Certified Corporate Governance Professional) дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын «Қазкоммерцбанк» ААҚ Өскемен филиалының ЕҚДБ бағдарламасы бойынша шағын бизнеске кредит беру менеджері ретінде бастады, жұмысын «Қазкоммерцбанк» АҚ және «Қазпошта» АҚ басшылық лауазымдарында жалғастырды.

2021 жылғы 1 наурыздан бастап «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды (2023 жылғы 16 наурызда және 2025 жылғы 17 наурызда қайта сайланды).

Толықтыру: QID және «Қазақстандық АТ-менеджерлер қауымдастығы» ҚБ-ның қолданыстағы мүшесі.

https://mkb.kz/




Телефон арқылы кеңес алыңыз